Атырауда карантин күшейді: Оқушылар онлайн оқи ма?

Атырау облысында үшінші тоқсанда оқушылар саны 600 адамнан аспайтын мектептер мен ауылдағы білім ордалары жұмыс істейді, деп хабарлайды ATPress.kz.

Қалған мектептер онлайн оқытуға көшеді. Бұл туралы брифинг барысында Атырау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Лаура Қайбалдиева мәлімдеді. «Өзгерістер 0-1-2 сынып оқушыларына әсер етеді, олар қалыпты білім беру форматында оқиды, ал 3, 4 және 5-сынып оқушылары тұрақты сабаққа барады. Сонымен қатар, сыныптағы балалардың саны 15 баладан аспауы керек»  деді спикер.

Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері үшін екінші семестрде сабақтар санитарлық нормаларды сақтай отырып, аралас нысанда және тұрақты режимде өтеді.