Атырау облысы білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Облыстық білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ATPress.kz.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің өкімімен облыстық білім басқармасының басшысы болып Гүлнәр Манаповна Сәдуақасова тағайындалды.

Гүлнәр Сәдуақасова 1970 жылы 1-наурызда Гурьев облысында дүниеге келген.

  • 1991 жылы  Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын;
  • 2008 жылы М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының аспирантурасын;
  • 2017 жылы Орталық Богемия университетін (Чехия мемлекеті, Прага қаласы) тәмамдаған.

Тағайындауға дейін, яғни 2007 жылдың 1-қазанынан бастап «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің директоры қызметін атқарды.