Сұйытылған газ саудасы бойынша атыраулық кәсіпкерлер күдікке ілінді

Атырау облысында сұйытылған газ сататын кәсіпкерлер баға келісімі болуы мүмкін деген күдікке ілінді.

Қазір 22 бизнес нысанына қатысты тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды ATPress.kz  сайты  "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап. 

Егер кәсіпкерлердің кінәсі дәлелденсе, оларға әкімшілік жаза тағайындалып, айыппұл салынуы мүмкін. 

"Бәсекелістікті қорғау аясында заң бұзушылық орын алғаны анықталса, әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша кәсіпкерлер айыппұл түріндегі әкімшілік жауапқа тартылады. Айыппұл мөлшері орта бизнес табысының 3, ірі бизнес табысының 5 пайызына тең болады" деді бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыстық департамент басшысы Айгүл Набиева.