Серік Шәпкенов Индер және Қызылқоға аудандарына жұмыс сапарымен барады

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов 18 қыркүйек күні жұмыс сапарымен Индер және Қызылқоға аудандарына барады, деп хабарлайды AtyrauPress.

18 қыркүйек күні сағат 10.00-де Индер ауданы Өрлік ауылдық мәдениет үйінде Өрлік ауылдық округінің тұрғындарымен кездеседі. Кейін азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайды.

Сағат 15.00-де Қызылқоға ауданы Қаракөл мәдениет үйінде Жамбыл ауылдық округі тұрғындарымен кездеседі. Кейін азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайды.
Облыс әкімінің тұрғындармен кездесуі аудан әкімдігінің Facebook, Instagram желісіндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі.

Индер ауданы үшін 8(71234) 2-73-47 және 8(71234) 2-75-58, Қызылқоға ауданы үшін 8(71238) 4-14-19 және 8(71238) 4-16-42 телефон нөмірлері арқылы қосымша ақпарат алуға болады.