Облыс әкімі концлагерде тұтқында болған Екатерина Абсатырованың шаңырағына барды

Серік Шәпкенов ІІ Дүниежүзілік соғыс жылдарындарында Финляндия концлагерінде тұтқында болған ардагер Екатерина Абсатырованы Жеңіс күнімен құттықтады.



- Сын сағатта елі үшін беріспеген ардагерлерімізді құрметтеу - біздің парызымыз. Ол күндер қазір ұмыт қалды. Десе де сіздің ерлігіңіз кейінгі ұрпаққа үлгі. Соғыста жеңімпаз болмайды. Біз сол кездің ауыртпалығын ұмыттық. Қазір бейбіт заманда ғұмыр кешудеміз. Жақсылықтарға тез үйренеміз. Алайда, сол кез халық үшін өте ауыр болды. Сіздердің ерліктеріңізге бас иеміз! Деніңіз сау болып, ұзақ ғұмыр жасаңыз!-деді С.Шәпкенов.

Екатерина Абсатырова мереке күні арнайы келген облыс әкімі Серік Шәпкеновке алғысын білдіріп, зұлматты жылдар енді қайта оралмасын деп тілегін білдірді.

Екатерина Абсатырова 1931 жылы 19-қаңтарда Мордовияда дүниеге келген. 1941 жылы оның отбасы тұтқынға түсіп, концлагерьде болған. 1944 жылы бостандыққа шыққан соң, колхозда жұмыс істеген.

1950 жылы тұрмысқа шығып, қазір 3 баласынан 2 немере, 1 шөбере сүйіп отыр.

1968 жылы отбасымен бірге бұрынғы Гурьев қаласына көшіп, зейнет жасына дейін Локоматив депосында қызмет атқарды.