Махамбет ауданында 30 адамға қайтарымсыз мемлекеттік грант берілген

Атырау облысы Махамбет ауданы бойынша 30 адамға қайтарымсыз мемлекеттік гранттар берілген.

Бұл туралы аудан әкімі Ринат Жанқылыш брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.


-    37 адамға бизнес жобаларын ашуға және кеңейтуге төмен пайызбен несие, 30 адамға қайтарымсыз мемлекеттік гранттар берілді. 81адам тегін қысқа мерзімді кәсіби оқуға жолданды, - деді Ринат Жанқылыш баспасөз мәслихатында.



Атап өтерлігі, есепті мерзімде "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында Махамбет ауданында 1 765 адам жұмыспен қамтылған.