Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау облысының 2023-25 жылдары республика бюджетіне неше теңге аударатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бюджет доноры болып есептелетін үш өңірден алдағы 3 жылда 1,5 трлн теңге алу жоспарланып отыр.
«Осыны ескере отырып, үш донор өңір – Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Атырау облысы айқындалды, олар бойынша бюджеттік алып қоюлар мынадай көлемде айқындалды:
2023 жылы 487 млрд теңге,
2024 жылы – 536 млрд теңге,
2025 жылы – 577 млрд теңге.
Қалған 17 өңір бойынша бюджеттік субвенциялар көлемі
2023 жылы – 4,9 трлн теңге,
2024 жылы – 5,2 трлн теңге,
2025 жылы – 5,7 трлн теңгені құрады», - деді министр.
Еске сала кетелік, 2020 – 2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер туралы Заңның қолданылуының аяқталуына байланысты, «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2023 – 2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заң жобасы әзірленді.
Баян Жанұзақова