Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
28 қаңтар күні сағат 11:40 шамасында Индер-Қарабау тасжолының 9-шақырымы тұсында маркасы lexus автокөлігі қарсы бағытқа шығып, қарама-қарсы келе жатқан Toyota автокөлігіне соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан lexus автокөлігінің 37 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Ал, 38 жастағы жолаушысы дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда тиісті іс-құжаттар жинақталды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: иллюстратив