Атырауда жедел жәрдем қызметкері оңбай таяқ жеді (+ВИДЕО)

Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау қаласында 1 мамыр күні түнгі сағат 3:40 шамасында Жедел жәрдем қызметінің фельдшерін ұрып-соққан 20 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Наркологиялық тексеру нәтижесінде күдіктінің жеңіл дәрежелі мас екені анықталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: иллюстратив