Атырауда салық қызметкері мен прокурор төбелескен бе?

Желіде Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары «Beer House Villa» мейрамханасында болған төбелестен кейін комаға түсіп кеткені жөнінде ақпарат тараған болатын, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Біз мәселенің мән-жайын облыстық полиция департаментінен сұрастырып көрдік.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 106 бабы 1 бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды» дейді облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ