Атырауда қой екі есе қымбаттады

Құрбан айт мерекесі қарсаңында саудагерлер сауаптан гөрі ақша жинап қалуды жөн көретін сияқты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Айталық, қойдың орташа бағасы екі апта бұрын 55 мың теңге болса, қазір 130 мың теңгеге жетіп отыр. Ал, сиыр 200 мыңнан 400 мың теңгеге қымбаттаған. Сондықтан көбісі құрбан малын ертерек алып қоға тырысады екен. Мерекеде біреулер малды өздері сойса, кейбірі мал сою пунктіне барып 5 мың теңгеге шалдырады.

Айта кетейік, бұған дейін біз Құрбан айт мерекесінде орталық алаңда 13 киіз құрылатынын жазған едік.

Амандық САҒЫНАТЙҰЛЫ