Құрбан айт мерекесінде орталық Исатай-Махамбет алаңында 13 киіз үй құрылып, тұрғындарға арнап ақ дастархан жайылмақ, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
«Асыл Агро» мал базарында жыл сайын қасиетті үш күнде құрбандыққа мал шалынады. Діни мереке қарсаңында өңірдің бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мал базарын аралады.
"Құрбанға шалынатын қойдың жасы 6 айдан, қозы 1, сиыр 2, түйе 5 жастан кем болмауы тиіс. Сондай-ақ, арық, ақсақ, мүйізі мен құлағы бүлінген мал да жарамсыз болып табылады. Исламда әр мұсылман құрбан шалуға міндеттелмейді. Шамамен 1,4 млн теңгеден бастап жағдайы бар адам ғана Алланың атына құрбан шала алады. Ал, саудагерлерден сұраныс жоғары екен деп бағаны негізсіз көтермеуді сұрар едім. Бұл табыс тауып қалатын мереке емес" деп ескертті ол.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ