Желіде желдей ескен ақпараттар шындыққа жанаспайтын болып шықты. Тұрғын үй қалашығындағы автокөлік көпірі жабылмайды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Тек Құрманғазы мәдениет үйінің алдында қайта жаңғырту аясында жол қабаты, жаяу жүргіншілер жолы, жиек тастары және жарық шамдары ауыстырылады. Алайда тұрғындарға қолайлы болу үшін Авангард ықшамауданынан қатынайтын көлік иелері үшін біржолақты жол қарастырылған.
Ресми ақпарат Атырау қаласы әкімдігінің ресми парақшасында жарияланды. Әкімдік қандай да бір жалған ақпарат таратқандар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын хабарлады.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ