Атырауда экс-шенеуніктер қамауға алынды

Олар алаяқтық жасады және өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды AtyrauPress. 

Атырауда жер қатынастары, сәулет және Атырау қаласы әкімі аппаратының бөлімдерінің бұрынғы басшылары қамауға алынды.

Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің мәлім етуінше, лауазымды тұлғалар жер учаскелерін бөлу және олардың нысаналы мақсатын анықтау кезіндегі алаяқтық әрекеттері үшін күдіктенуде.

«Прокуратура бұл фактіні ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) және ҚК 361-бабы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша тіркеді. Облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. 
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілуге жатпайды», - делінген баспасөз хабарламасында. 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

Фото: www.istockphoto.com