17 Қаңтар, 2022 1992

Атырау облысының әкімі мен орынбасары қашықтықтан жұмыс істеуде

 Атырау облысының әкімі мен орынбасары қашықтықтан жұмыс істеуде

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ержан Төлек әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен бірінші орынбасары Серік Айдарбеков COVID-19-ды анықтауға тапсырған ПТР сынамасы оң нәтиже көрсеткендіктен, 12-қаңтардан бастап қашықтықтан жұмыс істеуде. Аймақ басшысы Атырау қаласында, өңірді жедел басқаруды жүзеге асыруда» делінген жазбада.