Атырау облысында өндірісте жарақат алудың 13 фактісін жасырған дәрігерлер жазаланды

Өндірістік жарақат фактісін жасырған дәрігерлерге шара қолданылды. Прокурорлық тексеріс кезінде еңбек қауіпсіздігі саласында заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды  AtyrauPress тілшісі.  

Медициналық ұйымның қызметкерлерімен 13 өндірістік жарақат фактісі жасырылған.Аталған фактілер бойынша жұмыс берушінің кінәсінің дәрежесін анықтау үшін міндетті тергеулер қамтамасыз етілмеген.

Өз кезегінде жәбірленушілер өздеріне тиесілі өтемақы алу құқығынан айрылды.Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесінде Мақат аудандық ауруханасы ҚР ӘҚБтК-нің 96-бабының 1-бөлігімен (Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісі туралы хабарламау) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аружан Ажимкулова