Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы ресми "bort_01" телеграм каналы мәлім етті.

«Бүгін еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталамыз. Алда тұрған басты міндеттерді айқындаймыз. Қордаланған мәселелер аз емес. 11 айда экономиканың өсімі 4,6 пайыздан 2,7 пайызға дейін төмендеді. Инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жетті. Қазір бұл көрсеткіш – 19,6 пайыз. Мұндай ахуал жұрттың табысына және әл-ауқатына кері әсерін тигізіп отыр.

Жуырда өткен Президент сайлауы – бұл халықтың бізге артқан зор сенімі және қолдауы. Азаматтарымыз нақты оң өзгерістер бүгін және қазір болады деп үміттеніп отыр. Осы үміт пен сенімді ақтау – алдымызда тұрған ең басты міндет әрі қастерлі парыз.

Сондықтан, сайлау алдындағы бағдарламаны жүзеге асыру үшін арнайы жоспар қабылданды. Барлық іс-шара уақтылы және толық орындалуы керек. Әрбір министрдің, әкімнің жұмысы статистикамен, есеп-қисаппен емес, нақты нәтижемен өлшенетін болады.

Азаматтарымыз нақты оң өзгерістер бүгін және қазір болады деп үміттеніп отыр. Осы үміт пен сенімді ақтау – алдымызда тұрған ең басты міндет әрі қастерлі парыз. Әрбір министрдің, әкімнің жұмысы статистикамен, есеп-қисаппен емес, нақты нәтижемен өлшенетін болады.

Биыл елімізде аса маңызды өзгерістер болды. Ауқымды конституциялық реформа жүзеге асырылды. Президент сайлауы өтті. Елді жан-жақты жаңғыртуға бағытталған бастамаларымызға Қазақстан халқы қолдау білдірді. Енді сайлау қарсаңында жария етілген стратегияны орындау үшін бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек. Бұл – ең басты міндет.

Менің сайлау алдындағы бағдарламамда еліміздің жаңа бағдары айқындалды.Біз азаматтардың табысын арттырып, өмір сапасын жақсартуға баса назар аударатын боламыз. Мақсатымыз – айқын, міндеттер – белгілі. Енді білек сыбана жұмыс істеу керек» деді мемлекет басшысы.