Атырауда үш тілді үйрететін орталық жұмыс жасайды

«Тіл» оқу-әдістемелік орталығында ашық есік күні өтті. Іс-шараға тіл үйренуге талпынысы мен қызығушылығы бар тұрғындар, түрлі мекеменің басшылары мен қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Олар алдымен «Тілді оқытудағы заманауи платформалар, тиімді тәсілдер» атты тренингке қатысып, сала мамандарына сұрақ қойды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті. Сондай-ақ жиында қазақ тілі оқытушыларының арасында өткен А.Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқаудың бас жүлдегері Қайырбек Кенжәлиев жасанды интеллекттің көмегімен тілдік дағдыларды дамытудың қыр-сырымен бөлісті.

– Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосу, мекемелердің бірлесіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтарын арттыру. Біздің орталық ешкімнің әлеуметтік жағдайына, жасына қарамастан қазақ, орыс және ағылшын тілін оқытуға әрқашан дайын, - деді «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысының м.а. Лаура Газизова.

Сәуле МАҒАУ