Президент сайлауы күні Қазақстанда 634 бала дүниеге келді.
Бұл жайында Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгін, 20 қараша - сайлау күні елімізде 634 кішкентай дүниеге келді. Оның ішінде 6 егіз бар. Барлығы 328 ұл және 306 қыз бала дүние есігін ашты.
Айта кетейік, еліміздің 15 өңірінде ашылған сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды.