Қала мектептерінде орыстілді мұғалімдер жетіспейді

Мұғалім жетіспеуінен қазір қала мектептерінде зейнетке шыққан педагогтар қызмет етуде.

Бұл туралы қалалық білім бөлімінің басшысы Фаруза Шаңгереева айтты,

- Қала мектептерінде мұғалім жетіспеушілігі анық байқалады. Әсіресе, орыстілді сыныптарға беретін мұғалімдер жетіспейді. Нақтырақ айтсақ, орыс тілі, физика, математика, тарих, биология сияқты пәндерден беретін 336 мұғалім керек. Біз бұл мәселені зейнетке шыққан мамандармен шешіп отырмыз. Қала мектептерінде 120 зейнеткер жұмыс істейді,  - деді ол.

Оның айтуынша, зейнетке шыққандар бір жылдық еңбек келісімі арқылы жұмыс істейді. Мұны кейін қайта ұзартуға да болады.


Серик Кабдулов

Иллюстративное фото