«Берсең – балаға бер!». Тумысынан денсаулығында ақауы бар және ерекше күтім мен білім беруді қажет ететін бүлдіршіндерге арналған Атырау облыстық балаларды оңалту орталығы жаңа құрал-жабдықтармен толықты.
- Бұл құралдар біздің компанияның қайырымдылық және демеушілік ету жобасы аясында сатып алынды. Табысталған онға жуық жабдықтар оңалту орталығының сұранысына сәйкес физикалық және писхикалық дамуында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналады. Жалпы компаниямыздың демеушілігімен облыста соңғы бірнеше жылда, 1,5 миллион АҚШ долларына тең әлеуметтік қолдау жұмыстары жүргізілді. Ал Тәуелсіздік жылдарында аймақтағы дамыту жұмыстарына 24 миллион АҚШ доллары жұмсалды. Бұл құралдар церебралды сал ауруы және қимыл-қозғалыс аппаратында қиындық көретін балалардың аяққа тұруына көмек болатынына сенімім мол», - деді шарада NCOC компаниясының Үкімет және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджері Зарина Бакенова.
Қайырымдылық шарада оңалту орталығының балдырғандары демеушілік еткен қонақтарға мерекелік көңіл күй сыйлады. Олар мың бұралып би билеп, музыкалық аспаптарда өнер көрсетті. Ерекше балалардың сахналық қойылымы көрермендерді тәнті қылды. Шараға қатысқан ата-аналар да жомарт жандарға алғыс айтып, мерекемен құттықтады.