Осыдан 15 жыл бұрын жол-көлік апатының салдарынан мүгедек болып қалған Есболат Балбаевтің қазіргі өмірі мүлде басқа, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бүгінде ол полиция қызметкерлерімен бірге рейдтік іс-шараларға қатысып, көлік жүргізушілерінен жол ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
Сондай-ақ, өзі сияқты жол апатына түсіп, төсекке таңылған азаматтармен тілдесу үшін облыстық ауруханаға барып, азаматтардың жігерін көтеруге ат салысып жүр.