Биыл «Күміс жас» жобасымен 600 адамды жұмыспен қамту көзделген. Жоспар артығымен орындалып, мемлекеттік бағдарламамен қамтылғандардың саны 1 мыңға жуықтады. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Әбілхасымов мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Оның 700-ге жуығы жаңа қабылдаудан өткендер болса, 295-і өткен жылғы жалғастырушылар. Айта кетейік, жобаға 50 жасқа толған адамдар қатыса алады. Бұл ретте мемлекеттен жұмыс берушіге қызметкер жалақысының 70%-на дейін, 30 айлық есептік көрсеткішке дейін субсидиялар төленеді. Бұл бағытқа жергілікті бюджеттен тиісті қаражат бөлінді, - деді Е.Әбілхасымов.
Жобаны аяқтаған 159 адамның 104-і тұрақты жұмыс орындарына орналасқан.
Фото: ru.freepik.com