Еңбекшілге жыл соңына дейін ауызсу берілмек

Махамбет ауданына қарасты Еңбекшіл ауылы тұрғындарын техникалық жазғы және ауыз сумен қамту жобасы аяқталуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Ауылды техникалық жазғы сумен қамту жұмысына «Арай-НС» мекемесі жауапты.Бұл жұмыс 95%-ға аяқталған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.

- Жоба бойынша су құбырының жалпы ұзындығы 8,6 шақырымды құрайды. Оның 6,4 км-і жазғы су құбыры болса, қалған 2,2 шақырымы ауыз суға арналған. Қос құбыр параллель орналасқан. Құрылыс барысында 90 дана құдық, Жайық өзеніне 1 су сорғысы орнатылды, - деді Есбол ауылдық округінің әкімі Алмас Төлеген.

Қазіргі уақытта негізгі құрылыс жұмыстары толық аяқталып, желіні іске қосу үшін сынақ жұмысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін толық пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Сәуле МАҒАУ