Департамент көмегімен рұқсат қағазы берілді

Қызмет алушы Р.Д. «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі мерзімі бұзылып ұсынғанына қатысты шағымы Департаментке келіп түсті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау облысы тұрғының арызы түсті. Қызмет алушы Р.Д. жер учаскесін кеңейту мемлекеттік қызметті алуға қатысты өтінімін 2024 жылдың 16 шілдесінде Атырау қалалық әкімдігіне «e-Gov» веб-порталы арқылы түсірген болатын. Алайда, қызмет берушімен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қызмет алушыға уақытылы ұсынбаған, яғни Қағидада көзделген мерзімде. Бұл ретте, Департаменттің жедел әрекет нәтижесінде қызмет алушыға әкімдікпен шешім және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ұсынылды.