Атырау қаласының әкімдігі тұрғындарды ит асырауға жауапкершілікпен қарауға шақырды, деп хабарлайды ATYRAUPress тілшісі.
– 18-қыркүйек күні «Балауса» ықшамауданында ит қабу фактісі орын алды. «Атырау қалалық ветеринариялық стансасы» КМК-сі қапқан итті шұғыл түрде ұстап, 10 күн мерзімге карантинге оқшаулады. Оның иесі бар болып шықты. Оған адам денсаулығына залал келтіру бойынша акт толтырылды. Сондай-ақ, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Зардап шеккен қала тұрғыны қазір облыстық ауруханада ем қабылдауда, жағдайы бірқалыпты, - дейді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.
Айта кетейік, аталған ықшамауданда 16-18 қыркүйек аралығында 13 қаңғыбас ит ауланды.