Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының биылғы жеңімпаздарын анықтау бойынша конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Комиссия 15 бағыт бойынша 118 үміткердің өтінімін қарады. Нәтижесінде, 47 үміткер жеңімпаз деп танылды. Оның ішінде, Атырау облысы бойынша «Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін» номинациясында Алтынгүл Шакимова, «Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы» номинациясы бойынша «Жүректен жүрекке» қоғамдық қоры жеңімпаз атанды.
Бұдан бөлек, атыраулық 7 ұйым ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы лауреаттары атанды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы конкурсының жеңімпаздары анықталып, барлығы 66 ҰЕҰ жеңімпаз атанды. Астана қаласы 11 жеңімпазбен көш бастап тұрса, Атырау облысы мен Алматы қаласы 7 жеңімпазбен 2 орынды бөлісті.
Атырау облысы бойынша лауреаттар тізімі:
1. “Талаптан” қоғамдық бірлестігі - қоршаған ортаны қорғау бағыты бойынша;
2. “Шаңырақ 2008” қоғамдық бірлестігі - Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу бағыты бойынша;
3. “Өмір гүлі” Атырау облыстық мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық орталығы” қоғамдық бірлестігі - Мәдениет және өнерді дамыту бағыты бойынша;
4. “Хиуаз” Әйелдер Қоғамдық Бірлестігі - Мәдениет және өнерді дамыту бағыты бойынша;
5. “Жүректен жүрекке” қоғамдық қоры - Волонтерлік бастамаларды қолдау және дамыту бағыты бойынша;
6. “Айналайын баладан” қоғамдық қоры - Жетім, толық емес және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға көмек бағыты бойынша;
7. “Атырау Рауан” қоғамдық қоры - Жетім, толық емес және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға көмек бағыты бойынша.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: ru.freepik.com