Облысқа көшіп келген 239 этникалық қазаққа қандас мәртебесі берілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Биыл Атырау облысына Өзбекстан, Ресей, Қытай, Түрікменстан ,Украина, Тәжікстан мен Түркия елінен көшіп келген 198 отбасы немесе 239 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті. Қандас мәртебесін алған 21 азамат жұмыссыз ретінде тіркелген. Қазіргі уақытта оның жетеуі тұрақты жұмысқа орналасқан. Қалған азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі қарастырылып, түрлі мекемедегі бос орындарға ұсынылып жатыр.
- Қазақстанға көшіп келуге ниет білдіргендердің ұлты “қазақ” екенін растайтын құжаты болмаған жағдайда, ұлтын айқындау бойынша арнайы комиссиясы жұмыс істейді. Кейін жергілікті атқарушы орган комиссиясының ұсынысы негізінде қандас мәртебесін беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды, -деді Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшының у.м.а. Еркебұлан Әбілқасымов.
Айта кетейік, этникалық казақтарға қандас мәртебесін тағайындау және ұзарту туралы өтініштер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен «migration.gov.kz» порталы арқылы қабылданады.
Сәуле МАҒАУ
Фото: Atpress.kz