Атырау облысы әкімінің 2023 жылғы 28 желтоқсан №457-ө Өкімімен Фатима Төлеева Атырау облысы әкімінің гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып белгіленді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл кеңесшілік штаты ҚР Президентінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №409 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспарының 1-тарау 1-тармағы: «Әкімнің гендерлік теңдік мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі лауазымын, оның ішінде азаматтық қоғам, сарапшылар және бизнес-қоғамдастық қатарынан құру» тапсырмасы бойынша белгіленді.
Айта кетейік, Фатима Набидоллақызы - Атырау облыстық мәслихатының депутаты, «Атырау облысының Іскер әйелдері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, «Фатима-групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, отбасылық бизнес жетекшісі, көп балалы ана, Атырау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі. (Байланыс телефоны: 87015778685)