Атырауда 290 жобаға тегін несие берілді

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламат мәлімдеді, деп хабарлайды коммуникациялар қызметі.

“Еңбек” нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде Атырау облысында былтыр 290 жобаға несие берілді.

- Берілген несиелердің бағыттарын жіктесек, мал шаруашылығын дамытуға 167 жоба, өсімдік шаруашылығына 1 жоба, кәсіпкерлікті дамытуға 122 жоба қаржыландырылды. Игерілуі  - 100 пайыз. Нәтижесінде, 122 жұмыс орны ашылды, - деді Амангелді Саламат.