Қазақстан өнерпаздары АҚШ-тағы сайыста Гран-при жеңіп алды

Петропавлдық Sensitive би ансамблі АҚШ-та өткен әлем чемпионатында бас жүлдеге ие болды.

Бұл сүйінші хабармен Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасы әлеуметтік желіде бөлісті. 22-31 шілде аралығында АҚШ-тың Калифорния штатындағы Анахайм қаласында орындаушылық өнер түрлерінің 25-ші мерейтойлық Дүниежүзілік чемпионаты өтті.

 Чемпионаттың голливудтық форматы әлемнің 72 елінің 3000-нан астам конкурсанттарын қызықтырып, өзіне алып келді. Қазақстан Республикасы атынан Солтүстік Қазақстан облысының "Sensitive" бал биі театрының жастары қатысты. Жартылай финалға өткен "Sensitive" отандық бал биі театрының қатысушылары жақсы өнер көрсетіп, ақтық сында Гран-приді жеңіп алды.

  АҚШ, Ирландия, Франция, Австралия, ОАР, Тайланд, Канада және Германия сынды елдердің мықты өнерпаздарымен бақ сынасты.

 Жеңімпаздарды СҚО әкімі құттықтады.