Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстан аумағында төтенше жағдай енгізді. Бұл туралы 2 шілдеде кешке мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Шерзод Асадов мәлімдеді. ТЖ режимі 2022 жылдың 3 шілдесі сағат 00.01-ден 2 тамыз сағат 00.00-ге дейін енгізіледі. Бұл "азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру мақсатында" жасалды. ТЖ кезінде республикада 21.00-ден 07.00-ге дейін коменданттық сағат болады. Комендатураның басшысы болып Өзбекстан Ұлттық ұланының қолбасшысы Рустам Джураев тағайындалды. Қарақалпақстанға кіруге және одан шығуға шектеу қойылды, бұқаралық іс-шараларға тыйым салынды. Бұл туралы Өзбекстан Ұлттық гвардиясының Telegram-арнасында хабарланды.