Итэвонда (Сеул, Оңтүстік Корея) Хэллоуинді тойлау кезінде жаппай қысымнан зардап шеккендер саны 120 адамға дейін өсті, 100 адам ауыр жағдайда.
Бұл туралы Sky News хабарлайды.
Агенттік өрт сөндіру бөлімдерінің ақпаратына сүйеніп, шамамен 120 адам қайтыс болғанын хабарлады. Оларды Итэвон ауданындағы Гамильтон қонақ үйі маңындағы Хэллоуин мерекесі кезінде тар көшеде алға жылжып бара жатқан үлкен тобыр басып қалған.
Көпшіліктің бұл әрекетіне не себеп болғаны белгісіз. Дегенмен, кейбір жергілікті бұқаралық ақпарат құралдар мәліметінше, адамдар сол жерде қандай да бір атақты адам барын естіген.