Әлемде бүгін КВИ жұқтырғандар саны 433 690 адамға көбейді

11 маусымда әлемде коронавирус жұқтыру бойынша 539 908 577 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап. ВАК мәлімет бойынша, «соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 433 690 адамға өсті». Әлемде коронавирустан қайтыс болғандардың жалпы саны – 6 330 206 адам, бүгін 1 121 өлім тіркелген. Сондай-ақ, дүниежүзіндегі 512 574 175 науқастың толық емделуі расталған.