Атыраудағы жантүршігерлік видеоға полиция түсінік берді
Жарақаттанған жануарға қатысты жайттың мән-жайы анықталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде Нұрсая мөлтекауданында темір бағанаға қадалып, жарақат алған иттің видеосы таралған еді. Осыған орай, Атырау қалалық полиция басқармасының Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, 17 мамыр күні сағат 12:00 шамасында түсірілген бейнежазбадағы иттің өзі жарақаттанғаны анықталды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: "Мой город" порталы