Нұр-Сұлтан қаласында Altyn Samǵaý-2021 Ұлттық спорттық жүлдесінің иегерлері анықталды.
Бұл туралы ATPress.kz хабарлайды. Аталған шарада «Паралимпиадалық спорт түрлеріндегі үздік жаттықтырушы» атағына парадзюдодан Қазақстан құрама командасының бас бапкері Жандос Қиянов лайық деп танылды.
Оның үш шәкірті – атыраулықтар Әнуар Сариев, Дәулет Теміржан және Зарина Байбатина Токиодағы Паралимпиада ойындарында күміс жүлдеге ие болған еді.
"Баршаңызды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймын. Бұл жүлдені иеленгенім үшін өте қуаныштымын. Қазақстандық спортшыларға табыс тілеймін", - деді Қиянов салтанатты шарада» делінген Атырау облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.