Алматы қаласында еркін күрестен өтіп жатқан ересектер арасындаңғы Азия чемпионатында атыраулық спортшы Сырбаз Талғат жеңіске жетті.
70 келіде белдескен балуанымыз іріктеу кезеңдерінде Кувейт балуанын 11:0, Үнді балуанын 6:0 және жартылай финалда Корея балуаны Сеюнг Бо Лидді 6:2 есебімен ұтты. Финалда өзбекстандық Сироджиддин Хасановты 6:2 есебімен тізе бүктірді.
Осылайша, Сырбаз Атырау еркін күресі тарихында ересектер арасында Азия чемпионы атанған алғашқы балуан болып отыр.