Республикалық V параспартакиадада Атырау командасы 4 алтын медаль еншіледі

ATPress.kz. 18 қыркүйек. Атырауда өтіп жатқан республикалық V параспартакиадада жергілікті спортшылар 4 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль еншіледі. Бұл 14 қыркүйекте басталған жарыстың төрт күндегі қорытындысы. Байрақты бәсеке осы аптаның жексенбісіне дей

Бұл туралы Атырау облыстық мүгедектер спорт клубының директоры Қонысбай Құспанов хабарлады. Сонымен, тұғырдың төрінен көрінген спортшыларға тоқталайық. Нұрхан Бергембай ядро итеру және диск лақтырудан екі бірдей алтынды қоржынға салды. Ал, жеңіл атлет Есболат Абенов 400 метрге жүгіруден үздік атанды. Сонымен қатар, отырып ойнаудан жергілікті волейбол командасы бірінші орынды иеленді. 

Күміс медальды ядро итеруден Биғайша Махаева қоржынға сыйлады. Үшінші орынды иеленгендер қатарында бес спортшымыз бар. Бақытханым Өтешова ядро итеру мен диск лақтырудан екі қоланы еншілесе, Жанболат Қазиев пен Есболат Әбенов 100 метрге жүгіруден үшінші келді. Биғайша Махаева диск лақтырудан қола медалды місе тұтты. 

Айта кетейік, мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы республикалық V параспартакиадаға Атырау облысынан 57 спортшы қатысуда. Олар 14 спорт түрі бойынша бағын сынамақ. 

Бүгін, яғни 18 қыркүйекте Балықшы спорт кешенінде ұзындыққа секіру, найза лақтыру және пуэрлифтингтен жарыс жалғасын табады. 

 

Айдос Қарабала

Фото today.kz сайтынан алынған