Головкин кезекті жеңісіне қол жеткізді

Жапонияда көптен күткен кәсіпқой бокс кеші аяқталды, деп хабарлайды ATPress. kz.

Бүгін, 9 сәуірде Жапонияда IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен WBA "суперчемпион" белбеуінің иегері Риота Мурата арасында жекпе-жек өтті. 
Бұл жекпе-жекте қазақстандық боксшы қарсыласын 9 раундта ауыр соққының астына алып, техникалық нокаутпен кезекті жеңісіне қол жеткізді.