Атыраулық көкпаршылар ел чемпионы атанды

"Нарын" көкпар командасы ел чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ATPress. kz.

 20-30 сәуір күндері Тараз қаласында ұлттық спорт көкпардан ересектер арасында ХХІ Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Атыраулық «Нарын» көкпар құрамасы Жоғарғы Лигада Жамбыл облысының «Әулие-Ата», Түркістан облысы, Қызылорда облысы, Қарағанды облысы және Нұр-Сұлтан қаласының құрамаларымен өзара мықтыны анықтады. Командамыз 5 кездесу өткізіп, 3 жеңіске жетіп, 2 ойында жеңіліс тапты. Нәтижесінде 9 ұпайды иеленіп ел чемпионатының қола жүлдесін еншіледі. Айта кету керек, Атыраулық құрама ел біріншілігінде 38 салыммен ең көп салым салған команда атанды.