ATPress.kz. 6 ақпан. Алматы қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында атыраулық спортшы Денис Никиша қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ATPress.kz тілшісі.
Отандық шорт-трекшілер Қазақстан қоржынына Универсиаданың күміс жəне қола жүлдесін сыйлады. 500 метрлік сайыстың ақтық финалына екі бірдей отандасымыз Абзал Ажғалиев пен Денис Никиша шыққан еді. Жарыс кезінде бірінші орынды иемденген кореялық спортшы Ким До Кюм мәре сызығын 41.175 секундта кессе, Батыс Қазақстандық спортшы Абзал Әжіғалиев 41.479 көрсеткішімен екінші орынға тұрақтады. Жерлесіміз Денис Никиша 500 метр қашықтықты 58.169 секундта бағындырып отыр.
Бұл Қазақстан үшін 28-ші қысқы Универсиада ойындарында алып отырған 26 жүлдеміз. Қазір біздің қоржынымызда 10 алтын, 5 күміс, 11 қола жүлде бар.
Нұрбейбіт Нұғыманов
Фото, видео автордікі