ATPress.kz. 19 қыркүйек. Атырауда мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Балғымбаевты еске алуға арналған волейболдан ҚР Ұлттық лиганың ерлер командалары арасындағы турнир басталды. Жарысқа Атырау, Маңғыстау, Павлодар және Хромтау командалары қатысады.
24 қыркүйекке дейін жалғасатын байрақты бәсеке Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің мәдени-спорт кешенінде өтеді. Айналма жүйесі арқылы болатын жарыста командалар бір-бірімен кездесіп, қорытындысы жинаған ұпай арқылы анықталмақ.
Осы орайда, облыстық волейбол командасының директоры Болат Қабдірахимовтың айтуынша, бұл бір жағынан Қазақстан Кубогына дайындықты пысықтау. «Бүгінгі жарыстан жеңімпаз атанғандар арнайы кубокқа ие болып, бағалы сыйлықтармен марапатталады», - дейді ол.
Айдос Қарабала