Атырауда бокстан жастар спорттық ойындары бастау алды

Атырау денешынықтыру және сауықтыру орталығында бокстан Қазақстан Республикасының V жастар спорттық ойындарының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ATPress.kz

Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Атырау облысы бокс федерациясының ұйытқысымен, өңірімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған шараға, еліміздің түкпір-түкпірінен 400-ге жуық жас былғары қолғап шебері келді.

Шараның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, бокстан КСРО еңбек сіңірген спорт шебері Серік Нұрқазов, облыстық бокс федерациясының президенті Шухрат Данбай, облыстық  дене шынықтыру және спорт басқармасысының басшысы Ринат Ибрагимов, «Бейбарыс» хоккей клубының президенті Болат Бушанов және ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушылары Қайрат Сатжанов, Елдос Сайдаллин қатысты.

Ұймдастырушылардың айтуы бойынша жарыс бір аптаға созылады.

- Бұл біздің облыс үшін үлкен спорттық оқиға. 4 жылда бір рет өткізілетін жарыста жеңіс тұғырынан көрінген боксшылар азия чемпионаты мен әлемдік додаларға лицензиялық жолдама алады, – деді Атырау облысы бокс федерациясының Президенті Шухрат Данбай.