Атырауда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша 269 сайлау учаскесі құрылса, оның 11-і жабық учаскелер.
Саясат
Қазіргі таңда Атырау облысында 670 000 – ға жуық тұрғын бар, оның 412 000 – ға жуығы 18 жастан асқан науқанға қатыса алатын азаматтар.
Кикбоксингтен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Данияр Юсупов елдің жарқын болашағы үшін маңызды таңдау жасаудан бас тартпау керек деп есептейді.
Қайыршақты ауылдық округі, Бесікті ауылының тұрғындары да сайлауда белсенділік танытып жатыр.
Ал қаладағы №31 сайлау учаскесінде 5 сағат ішінде 110-нан астам сайлаушы өздеріне тиесілі бюллетень алған.
«Жұмыскер» ықшамауданындағы №244 сайлау учаскесіне 2600-ге жуық сайлаушы тіркелген.
Атыраудағы №4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызмет алушылары саяси додаға белсене қатысты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Мақат халқы да саяси науқанда барынша белсенділік танытуда.
Саяси науқанда азаматтық қоғам өкілдері де таңдау жасауға кірісті. Атыраудағы көлік және коммуникация колледжінің ғимаратында орналасқан №11 учаскеге «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері келіп дауыс берді.
105 жастағы Балзиба Мәжитова үйден дауыс берді.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 16.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 51,98 % бюллетеньдер алды.
Жетісу ауданындағы №43 мектепте орналасқан №343 сайлау учаскесінде екі ғасырдың куәсі Қанша Жақсыбаева дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.