Мұнайлы астанадан сайлауға түскен Әділ Жұбанов мәжіліске өтті, деп хабарлайды AtyrauPress.
Саясат
Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының ақпараттық доктринасын бекіту туралы" Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Алдын ала жүргізілген exit-poll қорытындысы бойынша Мәжіліске алты партия өтті, деп хабарлайды Zakon.kz. Аманат партиясы (53,33%), «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы (11,26%), Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы (8,87%), Қазақстан халық партиясы (6,93%), Республикалық партия (8,33%), Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (5,12%). Бірақ «Байтақ» жасылдар партиясы өтпеді. Ол ең аз дауыс санын (2,51%) жинады. «Байтақ» партиясының жетекшісі Азаматхан Әміртаев наурыздың 19-ы күні экзит-полл қорытындысы жарияланғаннан кейін мәлімдеме жасады. "Exit-poll қорытындысы бойынша біздің партия парламентке өткен жоқ. Бірақ "Байтақ" партиясы өз күшімен ұсынылған бағдарлама бойынша жұмысты жалғастырады", - деп жазды Азаматхан Әміртаев Facebook парақшасында. Сондай-ақ, жаңа парламентке ел игілігі үшін қызмет етуді тіледі. Қазақстандықтардың 3,65 пайызы барлығына қарсы дауыс берді. 19 наурызда Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті. 12 035 578 қазақстандық дауыс берді. ОСК-ның алдын ала мәліметі бойынша, Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де сайлаушылардың 54,19 пайызы дауыс берді. Мәжіліс сайлауына жеті саяси партия жіберілді: Аманат партиясы (90 кандидат). «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы («Ауыл» ХДП) (25 кандидат). Республика партиясы (23 кандидат). Қазақстан халық партиясы (ҚХП) (52 кандидат). «Байтақ» қазақстандық жасыл партиясы (18 кандидат). Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы («Ақ жол» ҚДП) (54 кандидат). Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ОСДП) (19 кандидат). 118 партиялық тізім бойынша мәслихаттар – 334 орынға 1447 кандидат. Бір мандатты аумақтық округтер бойынша – 10288 кандидат. Олар 3081 мандатқа таласты, орташа бәсеке бір мандатқа үш үміткерден көп болды. ОСК мен аумақтық сайлау комиссияларында барлығы 12 451 кандидат тіркелген.
Қазақстанда 19 наурызда өткен Мәжіліс және мәслихат сайлауының алғашқы exit poll нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz. Сауалнаманы "Еуразиялық интеграция институты" жүргізген. Институттың әлеуметтік зерттеулер департаментінің жетекші сарапшысы Әйгерім Ергенболатқызы "Сайлау-2023" онлайн марафоны кезінде exit poll нәтижесін мәлімдеді. Exit poll нәтижесі төмендегідей: Amanat партиясына сайлаушылардың - 53,46%-ы; Ауыл партиясына - 10,52%-ы; Respublica партиясына - 8,9%-ы; Қазақстанның халық партиясына - 6,25%-ы; "Байтақ" жасылдар партиясына - 3,22 %-ы; "Ақжол" партиясына - 7,87%-ы; Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына - 5,31%-ы; "Бәріне қарсы" - 4,47%-ы дауыс берген. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, қазақстандықтардың 54,19 пайызы мәжіліс және мәслихат сайлауында дауыс берді. Сайлаушылардың ең көбі Қызылорда облысында (65,70 пайыз), ал ең азы Алматыда (22,95 пайыз) дауыс берген.
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Константин Петров баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына азаматтардың келуі туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
2023 жылғы 19 наурызда, дауыс беру күні Орталық сайлау комиссиясы күні бойы учаскелердің ашылуы және дауыс берудің басталуы туралы ақпарат беріп отырды, сондай-ақ әрбір екі сағат сайын ҚР ОСК мүшелері дауыс берушілердің келуі туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың аумақтық комиссияларының деректерін беріп отырды. Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды. Республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру елорда уақыты бойынша сағат 21.00-де аяқталды. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда елорда уақытымен сағат 22.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,19% бюллетеньдер алды.
Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс және мәслихат сайлауында алдын ала мәліметі бойынша, қазақстандықтардың 54,19 пайызы дауыс бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанда бүгін, 19 наурызда Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау күні 609 бала дүниеге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Qazaqstan телеарнасындағы онлайн телемарафон кезінде сайлау учаскесінде орын алған құқықбұзушылық фактілеріне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ОСК деректері бойынша 5 мыңға жуық қазақстандық шетелдегі сайлау учаскелерінде дауыс берді. Бұл шетелдегі сайлаушылардың жалпы санының 42% құрайды.