Саясат

Дауыс беру динамикасы белгілі болды

Дауыс беру динамикасы белгілі болды

Елдегі ең үлкен белсенділік 10:00-ден 12:00-ге дейін болды, келу динамикасы 16,44%-14,21%-дан 30,65%-ға дейін болды. Іс жүзінде бірдей көрініс 12:00-ден 14:00-ге дейін байқалды – келушілердің өсуі 16,19% құрады. Сағат 18:00-ге жақын келу динамикасы төмендеді.

Атыраулықтардың 50,22 пайызы дауыс берді

Атыраулықтардың 50,22 пайызы дауыс берді

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 20.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,09 % бюллетеньдер алды. Оның ішінде: 1. Абай облысы бойынша –57,02% 2. Ақмола облысы бойынша –60,01% 3. Ақтөбе облысы бойынша –57,45% 4. Алматы облысы бойынша –60,03% 5. Атырау облысы бойынша –50,22% 6. Батыс Қазақстан облысы бойынша –59,01% 7. Жамбыл облысы бойынша –65,21% 8. Жетісу облысы бойынша –55,32% 9. Қарағанды облысы бойынша –59,48% 10. Қостанай облысы бойынша –65,10% 11. Қызылорда облысы бойынша –66,46% 12. Маңғыстау облысы бойынша –54,08% 13. Павлодар облысы бойынша –58,68% 14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша –65,25% 15. Түркістан облысы бойынша –53,01% 16. Ұлытау облысы бойынша – 58,99% 17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша –64,15% 18. Астана қаласы бойынша –42,91% 19. Алматы қаласы бойынша –25,82% 20. Шымкент қаласы бойынша –45,46%

Емделушілер де дауыс берді

Емделушілер де дауыс берді

«Көктем» қазақ орта мектебінде орналасқан №114 сайлау учаскесіне қарасты орталық ауруханада ем алып жатырған сырқат жандарға да арнайы жылжымалы жәшік апарылды. Әсіресе терапия бөлімінде ем алушылар өз таңдауларын жасап елдің ертеңі үшін дауыс берді. Солардың қатарында ұзақ жылдар бойы газ шаруашылығында еңбек еткен есболдық Сұлушаш Қазғалиева апамызда бар. Аз-кем сырқаттанып қалған апай  өз сөзінде елімізде болып жатырған оң өзгерістерді қуаттай түседі. - Жасым 75 ке аяқ басқанда талай сайлауларды көріп келдік ғой. Өткен жылдан бастап елімізде бірқатар саяси өзгерістер болды. Алдымен референдум өтіп күзге қарай кезектен тыс президент сайлауы өтті. Енді міне парламент мәжілісі мен мәслихаттарының сайлауы өтуде. Өкінішке орай денсаулығым сыр беріп қатынаса алмай қалдым-ау деп жүргенімде осы аумақта орналасқан сайлау учаскесінің мүшелері келіп жылжымалы жәшік арқылы дауыс беруге жағдай жасап жатыр. Сол үшін де учаске мүшелеріне алғыс айтқым келеді. Еліміз гүлденіп, өркендей берсін,-дейді зейнеткер. Аталған сайлау учаскесінің төрағасы Гүлзада Құсайынованың айтуынша ауруханада ем алушылардың ішінде 3 адам дауыс берген көрінеді. С.КӨШЕКОВ

Катя әжейдің тілегі

Катя әжейдің тілегі

«APEC PetroTechnic» колледжінде орналасқан №90 сайлау учаскесінің комиссия мүшелері сұрапыл соғыс жылдарында концлагерьде тұтқында болған Екатерина Абсатырованың шаңырағына барды. 

Бүгінгі сайлау бұрынғы сайлау емес

Бүгінгі сайлау бұрынғы сайлау емес

Бұл сайлаудың қоғамды біріктіре түсудегі маңызы зор. Қазіргідей әлемдік геосаяси жағдай шиелініскен тұста оның мәні еселене түседі.

Бүгін еліміз үшін маңызды науқан

Бүгін еліміз үшін маңызды науқан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 19  қаңтарда  жетінші сайланған Парламент Мәжілісін тарату және 19 наурыз күні Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын белгілеу туралы Жарлыққа қол қойған еді. 

Сайлау-2023: 49,19% атыраулық дауыс берді

Сайлау-2023: 49,19% атыраулық дауыс берді

 Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 18.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 53,11 % бюллетеньдер алды.