№31 учаскеде жүзден аса сайлаушы дауыс беріп үлгерді

Ал қаладағы №31 сайлау учаскесінде 5 сағат ішінде 110-нан астам сайлаушы өздеріне тиесілі бюллетень алған.

Олардың арасында мұнай-газ саласы үшін мамандар даярлайтын  Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Гүлзада Шакуликова бар. Ол мұндай маңызды күнде жастар да белсенділік таныту керек деп есептейді.

«Мен өзім бүгін Қазақстанымыздың жарқын болашағын, бейбітшілік, тұрақтылық үшін дауыс беремін. +01:11 Білім және ғылым саласында жасағаннан кейін көптеген әріптестеріміз мәжіліске, мәслихатқа кандидат ретінде тіркелді, сол кісілерге сәттілік тілегім келеді. Өйткені, ғылым мен білім саласы мемлекетіміздің ертеңгі таңда бәсекеге қабілеттілігін дәлелдейтін сала. Сондықтан өзімнің әріптестерім депутат болған кезеңде көптеген алдымызда тұрған мақсаттарға назар аударып, шешім қабылдап, дұрыс тұрақты жол деп табамын деп ойлаймын дейді ол.

№31 сайлау учаскесінің есебінде тұрған 5 азамат үйден дауыс беруге өтініш берген. Мұндағы процесті  6 байқаушы мен 2 кандидаттың сенімді өкілдері қадағалап отыр. Комиссия өкілдерінің айтуынша, дауыс беріп жатқандардың көбі – егде жаста.