Сайлау учаскелері түгелдей тактилді жолақпен қамтылған

5 қараша күні елімізде алғаш рет пилоттық жүйеде 42 аудан мен 3 облыстық маңызы бар қалада әкім аса сайлауы өтеді. Сол 42 ауданның ішінде қасиетті өлке Қызылқоға ауданы да бар, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі qyzylqoga.kz-ке сілтеме жасап.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы М.Мұқановтың айтуынша, ауданда 19 сайлау учаскесі бар. Оның 16-да арнайы пандус орнатылған. Ал, 19 сайлау учаскесі түгелдей тактилді жолақпен қамтасыз етілген.

Ауданда 154 мүмкіндігі шектеулі жан болса, оның 30-ы қол арбада, 96-ның көзі көрмейді. Ал, 28-і саңырау-мылқау жан.  Көзі көрмейтін мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы аудио брайл шрифтер орнатылған.