Ауыл шаруашылығы ғылсаясымдарының докторы Қосыбек Ырзағалиев Президенттің биылғы халыққа Жолдауы отандық агросектор алдындағы маңызды міндеттерді қолға таяқ ұстатқандай айқындап бергенін айтады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қосыбек Салтанатұлының айтуынша, Жолдауда көрсетілген бойынша міндеттер бойынша өңірде бірқатар жүйелі жұмыстар жоспарланып отыр.
– Агроөнеркәсіп саласындағы инвестициялық жобаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, белгіленген мерзімде іске асыру керек және одан әрі инвестор тарту жұмыстары жандандырылуы қажет, - дейді ол. – Мәселен, Махамбет ауданында «Aidana Agro» шару ақожалығнының жылыжай құрылысы 5,6 га құрайды және жылына 1323 тонна көкөніс жинауға бағытталған. Құны 8 млрд теңге болатын бұл жоба 60 адамды жұмыспен қамти алады. Қандай керемет!
Сол сияқты, мал сою пункті және ет өнімдерін өндіру цехы жобасы Жылыой ауданында «Достан Ата» ШҚ-да қарастырылмақ. Жоба құны – 80 млн теңге. Жылына 100 тонна ет шығару көзделген және төрт адам жұмыспен қамтылмақ.
Ал, Құрманғазы ауданында «Дайнов У» ШҚ ірі қара малына арналған мал бордақылау алаңы 110 млн теңгені құрайды. Жоба қуаттылығы жылына 100 бас.
Сонымен қатар он адамға жұмыс орны ашылмақ. Осындай жобалардың бірі Индер ауданындағы «Асыл Агро» ШҚ 500 бас ірі қара малына арналған бордақылау алаңы. Бір млрд теңгені қамтитын жоба жылына 2400 тонна ет шығаруды жоспарлауда. Ашылатын жұмыс орны 50 адамға арналған.
Атырау қаласы аумағында «Иманбаев» ЖК 0,9 га жылыжай кеңейту жобасында 12 адамға жұмыс орны ашылмақ. Бұл жоба 250 млн теңгені құрайды.
Иә, қазіргі ауыл шаруашылығы – жоғары технологиялық сала. Шаруаларды жер жағдайы немесе ауа райы емес, инновациялық амал-тәсілдер табысқа жеткізеді. Заманауи ғылымға сүйенбесе, ауыл шаруашылығы жай тоқырауға емес, құрдымға кетеді. Мұны Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында шегелеп айтқан болатын.
– «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын зерттеу ісінің барлық сатысын қамтитын агротехнология хабына айналдыру керек» деп атап көрсеткен Қасым-Жомарт Кемелұлының тұжырымдауынша, бұл мақсатқа жету үшін шетелдің танымал агро-ғылыми орталықтарымен толыққанды ғылыми-тəжірибелік ынтымақтастық орнатқан жөн. Осылайша, жеке ғылыми-технологиялық бастамаларды қолдауға мүмкіндік бар. Білім беру бағдарламаларын ауыл шаруашылығы талаптарына бейімдеу мүмкіндігін иеленсе, ырысқа бастар жол да осы болмақ, - дейді ғалым.
Айта кетейік, аймақта агроөнеркәсіп кешенінің инвестициялық жобаларын іске асыру жөнінде 2021-2025 жылдарға бекітілген Жол картасына сәйкес, ауыл шаруашылығы саласына жалпы сомасы 23 млрд теңгені құрайтын 19 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Соған орай биыл өңірде 128 жұмыс орнын қамтитын 9,4 млрд теңге көлеміндегі бес жоба құру жоспарланып отыр.
– Мемлекет басшысы экономиканың жетекші салаларының драйвері – ауыл шаруашылығы саласына баса назар аударды. Агроөнеркəсіп кешенін дамыту, алдағы үш жылда саладағы өңделген өнімнің үлесін 70 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Бұл межені бағындыру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін сапалы əрі тереңдете өңдеу, өнімді қажетті көлемде тұрақты ұсына алатын кəсіпорындар ашу қажет, - дейді Қ.Ырзағалиев.
Тағы бір ауыз толтырып айтуға тұрар иыл өсімдік шаруашылығы саласы бойынша 8,2 млрд теңге көлемінде 64 жұмыс орны, мал шаруашылығында 1,1 млрд теңгені құрайтын 60 жұмыс орны және қайта өңдеу үшін сомасы 8 млн теңге болатын 4 жұмыс орны қарастырылған.
– Бүгінгі таңда елде игерілмеген немесе кезінде заңсыз берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы 8 миллион гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Десек те, мұнымен іс бітті деу қисынсыз. «Қайтқан малда қайыр бар» демекші, осыншама ауқымды жер қалай еткенде де елдің кəдесіне, халықтың қажетіне жарап, қызмет қылуы тиіс.
Мұның сыртында су шаруашылығымен айналысатын дербес ведомствоның құрылуы да ауылдағы халық үшін елеулі жаңалық болды. Жасыратыны жоқ, судың тапшылығынан, мезгілінде суарылмағандықтан қаншама жер пайдаланылмай немесе игерілмей бос жатыр. «Сұрауы бар судың да» дегендей, барының өзін ысырапсыз, ұқыпты жұмсай білсек, бұл қиындықтан да құтыларымыз анық. Бұл мəселені түпкілікті шешпегенімен сəл де болса жеңілдетуге септесері сөзсіз. Əрине, сумен жабдықтау төңірегінде қордаланған мəселе мен түйткілді проблеманың түйінін тарқатып, түпкілікті нүктесін қою Үкімет деңгейінде қаралуы тиіс. Трансшекаралық өзендер мемлекеттер арасындағы ортақ мəмілемен шешімін табар мəселе екенін, сондықтан да оны оңтайлы əрі мейлінше шұғыл шешу жолдарын іздестіру қажеттігін де Президент қаперледі, - дейді Атырау облысының Құрметті азаматы.