Атыраулықтар сайлауға белсене қатысуда

Атыраудағы №87 сайлау учаскесінде ерекше белсенділік байқалады.

Мұнда 2274 сайлаушы бар.

“Еліміздің болашағы үшін өзімнің азаматтық парызымды орындап, өз таңдауымды жасадым. Балаларымыздың келешегіне бей-жай қарамаймын. Туған еліміздің береке-бірлігін сақтауға әрбіріміз үлес қосуымыз керек деп санаймын” дейді дауыс берушілердің бірі Сәуле Мағауқызы.
Айта кетейік, осыған дейін 12,94% атыраулық дауыс беріп үлгерді.